Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында 3 сынып және 4 сынып оқушылары арасында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Слайд көрсетілді.Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Адамның денсаулығы көбінесе қалай тамақтанғанына байланысты екені айтылды. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады.-Тамақты жеткіліксіз мөлшерде ішу немесе мөлшерден артық ішу де ағза үшін өте зиянды.Тамақтану мәдениеті, тамақтану ережелері туралы айтылды.
Дәрумендер туралы видеоролик көрсетілді.
Дұрыс тамақтансаңдар денсаулықтарыңның мықты болатынына, көңіл-күйлеріңнің көтеріңкі болып, сабаққа деген ынталарыңның артатыны туралы. Ендеше, дұрыс тамақтану денсаулықтарыңның кепілі екенін есте сақтау қажет екендігі туралы айтылды .